Жаңалықтар

«Өзімнен айнымайды». Серікзат Дүйсенғазин баласының Әлихан секілді дүниеге келгенін айтты

«Өзімнен айнымайды». Серікзат Дүйсенғазин баласының Әлихан секілді дүниеге келгенін айтты
Фото: instagram.com/serikzat_duisengazy 04.10.2023 10:53 6322

Күні кеше ұлды болған айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында басынан өткерген жағдайдың ойландыратынын айтып жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұрын менің ұлым да, қызым да болды. Ол кезде шаттанып жүргенбіз. Мына жағдай кішкене ойландырады. Себебі Әлихан баламыздың кетіп қалуы, араға 9 ай уақыт салып ұлымның дүниеге келуі Құдайдың бір құдіреті. Бір тылсымның, жаратушының бар екенін мұсылман халқы болған соң білеміз ғой. Жеңгеміздің жағдайы жақсы, ұлымды көрдім. Өзімнен айнымайтын бір қара бала, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Айтыскер ақын «Әлихан да дәл солай дүниеге келген еді» деп марқұм ұлын еске алды.

Әлихан өмірге келген кезінде айтыс болып жатқан. Енді сіздерге қызығын айтайын. Бүгін Қызылордадан бір топ ақын маған құттықтау айтып келді. Оның ішінде Кенжебай Жүсіп ағамыз, Серік Ыдырысов, Нұрмат Мансұров, Ержеңіс Әбдиев және өзіміздің Мейірбек Сұлтанхан бар. Әлихан туған кезде де тура сол Кенжебай аға келген. Кенжебай ағамен айтысқанмын. Айтысқа шыққан кезде ағамыз бүкіл елге сүйінші хабарды жеткізген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға