Жаңалықтар

Өзгерген уақыт белдеуі оқушыларға қалай әсер етеді?

Өзгерген уақыт белдеуі оқушыларға қалай әсер етеді?
Фото: © Freepik.com 02.09.2024 10:35 490

Мәжілістің кулуарында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өзгерген уақыт белдеуінің оқушыларға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ермек Беделбайұлы өзгерген уақыт белдеуі бірінші ауысымдағы оқушыларға ыңғайлы деп есептейді.

Балалар енді қыс мезгілінде мектепке таңертең жарықта барады. Уақытты өзгертсек те, өзгертпесек те екінші, үшінші ауысымдағы оқушылар кешке жақын мектептен қайтады. Бірақ бұл мұғалімдерге байланысты, - деді ол.

Облыс әкімі өзгерген уақыт белдеуі жұмысына қалай әсер етіп жатқанын да атап өтті.

Мен жұмыс істеп жатырмын ғой. Күн қашан шығатынына, қашан бататынына қарамаймын, - деді Ермек Беделбайұлы.

Сондай-ақ Ермек Көшербаев алда Шығыс Қазақстан облысында уақыт белдеуінің ауысатынын немесе ауыспайтынын болжай алмайтынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға