Видеодан алынған кадр

Өзеннің арғы бетіне арқан арқылы өтпек болған ер адам суға ағып кетті

Жетісу облысындағы Көксу өзенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам достарының көзінше өзеннің арғы бетіне тартылған темір арқан арқылы өтпек болған. Жағаға 4-5 метр қалғанда қолы шаршап, аяғын суға түсіріп, ағыс бойымен тербеле бастаған. Біраз уақыт сол қалыпта тұрған соң арқан үзіліп кетіп, ер адам суға құлап түседі. Ол бірнеше мәрте су астына кеткен, артынша ізін ағыс алып кеткен. Бұл сәтті видеоға түсіріп тұрған досы құтқарушыларға хабарлаған.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жоғалған азамат 1989 жылы туған.

Іздестіру жұмыстары 11 мамыр күні таңғы 06:30-да басталды. Оған ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті билік өкілдері, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылған.

Жалпы 98 адам, 22 техника, оның ішінде қайықтар, дрондар мен спутниктік құрылғылар жұмылдырылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)