«Өзенмұнайгаз» жұмысшылары жұмыс орындарына оралды
Фото: t.me/kmgpress
Фото: t.me/kmgpress
05.12.2024 12:16
329
«Өзенмұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары толық жұмысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының мәліметінше, 5 желтоқсанда ӨМГ-ге қарасты БЖБ жұмысшылары кәсіподағымен кезекті келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде мынадай шешімдерге қол жеткізілді:
- Рұқсатсыз акция тоқтатылды;
- ӨМГ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары жұмыс орындарына толық оралды;
- Түсіндіру мен талқылауды талап ететін мәселелер бітімгерлік комиссия отырысында заңға сәйкес құқықтық нормалар шеңберінде қаралатын болады.
ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары үшінші тұлғалардың араласуынсыз сындарлы диалог негізінде тікелей жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында реттелуі тиіс екенін хабарлаймыз. «ҚазМұнайГаз» диалогқа әрдайым ашық және туындаған мәселелерді қолданыстағы заңның аясында шешу үшін өзара тиімді байланыс орнатуға дайын, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады