Жаңалықтар

Өзбекстаннан келген заңсыз келімсектер Алматыға неліктен келгендерін айтты

Өзбекстаннан келген заңсыз келімсектер Алматыға неліктен келгендерін айтты
Фото: Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі 23.02.2023 19:47 952

 Гастарбайтерлерге құрылыс алаңында жұмыс істегені үшін жақсы жалақы төлейтіні ұнағаны белгілі болды. Жароков көшесіндегі жаңа тұрғын үй кешені шетелдік жұмыс күшімен салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Алматы қаласының ПД мәлімдеді.


«Бұл деректі біз 20 ақпанда басталған «Мигрант» республикалық іс-шарасы барысында анықтадық. Жақында құрылыс нысандарының бірінде жүргізілген тексеру кезінде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 19 азаматы анықталды: олардың кейбірі бір айдан астам уақыт бұрын, кейбірі осы құрылыс нысанына 10 күн бұрын келген. Ең алдымен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктердің өздері де, олардың жұмыс берушілері де жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ұсталғандардың жеке басы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. Әкімшілік іс материалдары сотқа жолданады», — деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.


Еске салайық, қала аумағында республикалық «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін анықтау.


«Іс-шараның үш күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 536 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 44 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 224 қабылдаушы тарап жауапкершілікке тартылса, ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 338 шетелдік азамат қабылдап-таратуға орналастырылды», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға