Өзбекстанда таудан құлаған алып тас көліктегі адамдарды жаншып кетті
07.11.2024 10:38
Фото:
© El.kz
Өзбекстанда таудағы алып тас жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігінің үстіне құлап, ішіндегі адамдарды мыжып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Podrobno.uz мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні сағат 16:00-де Қашқадария облысының Тахтакарача өтпелінде болған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты.
Көлік Китабтан Самарқанға бара жатқан. Қайтыс болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, салонда Венгрия азаматтары болған, ал жүргізуші Өзбекстан азаматы болған. Дегенмен бұл ақпарат әзірге расталған жоқ.
Қазіргі уақытта өтпел уақытша жабылып, мамандар жұмыс істеп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

