Жаңалықтар

Өзбекстанда қазақстандық капиталы бар 1043 компания мен кәсіпорын жұмыс істейді – Атамқұлов

Өзбекстанда қазақстандық капиталы бар 1043 компания мен кәсіпорын  жұмыс істейді – Атамқұлов
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.08.2024 11:34 1979

Астанада Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің алтыншы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырысқа Қазақстан мен Өзбекстанның елшілері, белгілі кәсіпкерлер және сыртқы сауда палатасының мамандары қатысты.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынаста экономикалық ынтымақтастықтың негізі болып есептелінетін сауда маңызды рөл атқарады. Ол екі елдің дамуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестері арасында Қытай мен Ресейден кейін тұрақты үшінші орында тұр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 4,4 млрд долларды құрады. Бүгінде Қазақстан Өзбекстанға келетін туристер саны бойынша елдердің бестігіне кіреді. Бұл қазақстандықтардың Өзбекстанның бай мәдени және тарихи мұрасына деген қызығушылығының артып жатқанын көрсетеді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бизнес кооперация да жоғары деңгейде. Өзбекстанда қазақстандық капиталы бар 1043 компания мен кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Құрылған бірлескен кәсіпорындар саны бойынша да Қазақстан Өзбекстанның серіктес үш елдің қатарына кіреді, - деді Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов.

Бейбіт Атамқұлов өткен жылы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын айта кетті.

Өзбекстанда қазақстандық капиталы бар 1043 компания мен кәсіпорын  жұмыс істейді – Атамқұлов

Сөзінше, тиісті орталық жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын құруды, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеуді ынталандырады, сонымен қатар тауарларды одан әрі тасымалдау үшін логистикалық қызметтерді қамтамасыз етеді.

Бейбіт Атамқұлов екіжақты ынтымақтастықтың жаңа түрін атап өтті.

Яғни ол кезде шекарада аймақ құрылады, екі жақтан учаскелер бөлінді, барлық құжат заң шығарушы органдар – Парламентте тиісті растаудан өтіп жатыр. Біз бұл басқа да көрші елдермен қарым-қатынаста қолдануға болатын мысалдардың бірі болады деп күтеміз. Өндірістік кооперация жүк тасымалының тиімділігіне тікелей байланысты, - деді Атамқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға