Өзбекстанның Әндіжан облысы, Избаскан ауданындағы мешіттердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәлімдеуінше, оқиға 31 наурыз күні, жергілікті уақытпен сағат 12:19-да Мирзо Ұлықбек махалласындағы Ахмадали Қожа мешітінде болған.
Оқиға орнына облыстық ТЖ басқармасының басшылығы мен жауапты қызметкерлері дереу жетті, – делінген министрлік таратқан ресми ақпаратта.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан дәретханаға арналған ғимарат опырылып түскен. Жарақат алған алты адам медициналық көмекке жүгінген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

