Жаңалықтар

Өзбекстанда бір атадан тарағандардың некеге тұруына тыйым салынбақ

Өзбекстанда бір атадан тарағандардың некеге тұруына тыйым салынбақ
Фото: © Unplash 23.07.2024 15:51 766

Өзбекстанда бір атадан тарағандардың некеге тұруына тыйым салынбақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан Парламентінің заң шығарушы (төменгі) палатасының отбасы және әйелдер істері комитеті туыстары арасындағы некеге тыйым салуды кеңейтуді көздейтін отбасы кодексіне түзетулер туралы заң жобасын жариялады. Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, жақын туыстар арасында екінші, үшінші және төртінші дәрежелі туыстық қатынастар бойынша некеге тұруға тыйым салу ұсынылады. Бауырлар, олардың балалары, әкесі мен анасының бауырлары, балалары, атасы мен әжесінің бауырлары, балалары және т.б. туыстар болып саналады.

2021 жылдан бастап Өзбекстанда туысқан аға-іні мен апалы-сіңлілер арасындағы, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында некеге тұруға тыйым салынады. Ерекшелік ретінде, егер медициналық генетикалық тест (ДНҚ тесті) оң нәтиже берсе, некеге тұруға рұқсат етіледі. Бұдан басқа, некеге тұрар алдында медициналық тексеруден өту тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Бұл негізінен, балалардағы сирек кездесетін генетикалық аурулардың көбеюімен байланысты.

Себебі, Өзбекстандағы дәл осындай аурудың төрттен бірі туыстық некеден болатыны анықталған.Осы жылдың бес айында ауыр тұқым қуалайтын аурулары бар республикалық мамандандырылған педиатриялық орталықтың бөлімшелеріне 6 660 бала жатқызылды, бұл балалардың ата-аналарының 28,9%бір-біріне жақын туыстар болып шыққан.Әр түрлі мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда ауылдық жерлердегі некенің төрттен бір бөлігі туысқан отбасылар арасында тіркелсе, қалаларда әрбір 10-шы ерлі-зайыптылардың туыстық байланысы бар болып шықты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға