Өзбекстан президенті қызын жоғары лауазымға тағайындады
25.08.2023 17:09
Фото:
instagram.com/saida_mirziyoyeva
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қызын лауазымды қызметке тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мирзиеев қызы Саида Мирзиееваны президент көмекшісі етіп тағайындаған.
Ал бұған дейін ол өзінің әкімшілігінің құрылымын өзгерткен болатын, яғни енді онда басшы деген жоқ.
Дегенмен жергілікті БАҚ өкілдері Мирзиеев үлкен қызын Өзбекстанның жаңартылған әкімшілігіндегі ең жоғары лауазымды қызметке тағайындайды деп болжаған.

