Жаңалықтар

Өзбекәлі Жәнібеков рухына арналған айтыстың жеңімпазы анықталды

Өзбекәлі Жәнібеков рухына арналған айтыстың жеңімпазы анықталды
Фото: Assyltas қоғамдық қоры 22.07.2024 15:30 5099

Абай облысы, Ақсуат ауданында әр жылдары «Алтын домбыра» және «Асыл домбыра» жеңімпаздары арасында айтыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл додаға Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қазірет Бердіхан, Аспанбек Шұғатаев, Мұрадым Мирланов пен Айбек Жеңісқазин қатысты.

Финалда «Алтын домбыраның» үш дүркін иегері Мұхтар Ниязов пен «Асыл домбыра» республикалық айтысының алғашқы жеңімпазы Қазірет Бердіхан айтысты.  Қазылар шешімімен алматылық ақын жеңіске жетті. Қазіретке автокөліктің кілті табысталды. Айта кетейік, Қазірет Бердіхан финалға дейін “Алтын домбыра” жеңімпаздары Бекарыс Шойбеков пен Аспанбек Шұғатаевты жеңді.

Ақсуаттағы айтысқа қатысып, алғашқы айналымнан сүрінгендерге ASSYLTAS қоғамдық қоры екі миллион, ал жұп жеңімпаздарына 3 миллион теңге сыйақы үлестірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға