Жаңалықтар

Өз еркімен несие алудан бас тарту туралы заң мақұлданды

Өз еркімен несие алудан бас тарту туралы заң мақұлданды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.11.2023 16:00 1166

Аталған Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева берген ақпаратқа сәйкес, бірнеше өзгеріс енген.

Біріншіден, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл ретте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті - бақылаушы орган.

Екіншіден, азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескерілетін болады. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі. Төртіншіден, азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операциялар туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы білетін болады, - деді депутат.

Сонымен қатар, депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулерді енгізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға