Жаңалықтар

"Өз әкесі өлтірген". Шымкентте пәтерден 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды

"Өз әкесі өлтірген". Шымкентте пәтерден 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: © Pixabay.com 05.12.2023 10:36 2431

Шымкентте 28 жастағы жігітті пәтерде өз әкесі өлтірген болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйден 28 жастағы жігіттің денесін анасы тауып алған. Әйел адамның айтуынша, айналасы қып-қызыл қанға толы болған. 

Оқиға орнына келген сот-медицина сарапшылары жігітте тіліктер болғанын анықтаған. Қылмысқа күдікті марқұмның әкесі болып шыққан. Бұл жайттан кейін күдікті қашып кеткен. 

Бұл дерек бойынша "Адам өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, - дейді Қаратау ауданының полиция басқармасының басшысы Данияр Плалов. 

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция мәліметінше, күдікті психологиялық ауруларға байланысты есепте тұрады екен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға