Ойын кезінде найзағай түскен футболшы көз жұмды
Мөлдір Қайнар тілші
12.02.2024 10:15
Фото:
© Pixabay.com
Инонезияның Бандунг қаласында найзағай түскен футболшы қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Трагедиялық оқиға «Силиванги» стадионында 10 ақпанында жолдастық матч кезінде болған. Найзағай ойынның 15 минутында түскен. Отыз жастағы «Персикас Субанга» ойыншысы бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер футболшыны аман алып қала алмады.
«Силиванги» стадионында бұған дейін де жай түсу оқиғалары тіркелген екен.

