Жаңалықтар

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 13.01.2025 19:23 134

Туризм және спорт министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Ғалымжан Мұстафаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), «Болашақ» университетін (экономика) бітірген. 

Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.

1999-2001 ж.ж.  ауысу тәртібімен Қазалы аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің консультанты, маманы, 2002-2005 ж.ж.  Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, қала әкімінің көмекшісі болған. 

2005-2008 жылдар аралығында жеке кәсіппен айналысқан, 2008-2010 ж.ж. –  Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің бас маманы, 2010-2022 ж.ж.   Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған.

2022-2023 ж.ж. – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы, 2023-2024 ж.ж. – Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы, 2024 жылдан бастап күні бүгінге дейін  Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға