Жаңалықтар

Ойылдағы тасқыннан зардап шеккендердің азық-түліктері жеткілікті - белсенді

Ойылдағы тасқыннан зардап шеккендердің азық-түліктері жеткілікті - белсенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 01.04.2024 18:05 826

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қарқынды жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, облыс аумағында 757 үйді су басқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысындағы тасқын судан зардап шеккендерге көмектесуге барғандардың арасында арнайы Шымкенттен жеткен «Мұғжиза» қайырымдылық қорының жетекшісі Нұрсұлтан Нысанбаев та бар. 

Су тасқынынан зардап шеккендер жайлы естігенде бірден көмек көрсетуге кірісіп кеттік. Бүгін біз Ойылға барып келдік. Онда қазір тек тікұшақпен немесе қайықпен ғана жетуге болады. Біз бір сағатта қайықпен судың ортасында тұрып қалып, әйтеуір дегенде жеттік, - деді Нұрсұлтан Нысанбаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрсұлтан Нысанбаев М (@nursultannys)

Қор жетекшісі Ойыл ауданының халқымен тікелей кездесіп, қандай заттардың қажет екенін сұрап білген.

Ойылға өзіміз барып келгеннен кейін бұл жақтағы халықтың ауыртпашылығын сезіндік. Біз халықтың сұрауы бойынша гигиеналық заттарды алып бардық. Әзірге азық-түліктері жеткілікті екен. Ендігі оларға жылы киім қажет. Оны ертең апаруға ниеттеніп отырмыз, - деді ол.

Эвакуацияланған 3716 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 1798 адам туыстарында, ал 7072 бас жануарлар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 125 965 дана қап және 260 982 тонна инертті материалдар төселді, 53 195 м3 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 3025 адам, 539 техника, 32 су сору құрылғысы және 18 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

Қазіргі таңда халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға