"Оян, қазақ" фильмінің режиссері боксшылар туралы кино түсірмек
Фото: Кеңес Рақышевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Фото: Кеңес Рақышевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан
19.10.2023 06:27
1076
Еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіліп жатқан "Оян, қазақ" фильмінің режиссері енді жас боксшы туралы кино түсірмек. Бұл туралы Кеңес Рақышев әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Достар, қазір Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Міржақып. Оян, қазақ!» деген отандық кинематограф тарихындағы ең танымал фильмдердің бірі көрсетіліп жатыр… Картинаның режиссері Мұрат Есжан. Бұл кісіні халқымыздың сана-сезімінде нағыз патриотизмді оятқан маэстро десем қателеспеймін. Біздің кездесуіміз жемісті өтті. Мен Мұратты Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке, оқушыларға дәріс оқу үшін арнайы шақырдым. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалының жабық көрсетілімі өтетінін айтқым келеді, - деп жазды Кеңес Рақышев.
Кеңес Рақышевтың жазуынша, фильм режиссері алда Бердібек Соқпақбаевтың "Жекпе-жек" повесінің желісі бойынша кино түсіруді көздеп отырған көрінеді.
Фильм туралы әңгімелестік, оның өскелең ұрпақ үшін үлкен мұра болып қаларын талқыладық. Бірақ іс мұнымен бітпейді. Мұрат нағыз режиссер ретінде өзінің жаңа жобасын ұсынды. Атақты жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Жекпе-жек» туындысы бойынша, ол спорттық негіздегі фильм түсірмек. Бұл идея мені бірден қызықтырды. Өйткені, мұндай жоба Қазақстан бокс федерациясына оң септігін тигізеді, және біздің жанкүйерлер мен көрермендердің жүрегін жаулап алады деген нық сенімдемін. Сондықтан, мен, әрине, өз ісінің нағыз шеберіне қолдау көрсетемін, - деді К.Рақышев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ нысандарын Huawei сандық жүйеге көшірмек
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады