Өткенді қайта жаңғырту: ескі фотосуреттерді қалпына келтіретін 12 нейрожелі
Бүгінде өткенге үңілу үшін уақыт машинасы қажет емес. Қолыңыздағы гаджеттің бірнеше батырмасымен-ақ нейрожелілер арқылы ескі фотосуреттерді қалпына келтіріп, ата-бабаңыздың жүзін бұрын-соңды болмаған айқындықпен көрсетіп бере алады. Себебі архивтегі суреттердің басым бөлігі уақыт өте көмескіленіп, қағазы сарғайып кетеді.
Ендеше бүгін біз ескі фотосуреттерді онлайн режимде автоматты түрде қалпына келтіретін 12 нейрожеліні қарастырдық.
Оқи отырыңыз:
- Жасанды интеллект: оқушы ізденісіне кедергі ме, көмек пе
- ЖИ ғарышқа аттанады: SpaceX пен xAI қалай бірікті
- Nvidia ауа райын дәл болжайтын жасанды интеллект модельдерін таныстырды
Pica AI
Pica AI – кескіндермен жұмыс істеуге арналған әмбебап нейрожелі. Ол ескі фотоларды қалпына келтіріп қана қоймай, олардың жарығы мен анықтылығын арттырады. Сервис бүктемелерді, ұсақ ақауларды тегістеп, әртүрлі форматтағы суреттерге – портреттерге, пейзаждарға, архивтік фотоларға арналған жеке сценарийлерді қолданады.
Қолмен баптау қажет емес: жүйе параметрлерді өзі таңдайды. Бір мезетте 50 суретке дейін жүктеуге болады. Тіркелусіз жұмыс істейді.
Бағасы: күн сайын 4 тегін кредит беріледі (4 фото). Ақылы жазылым – айына $9,99 басталады.
NanoBanana (Google)
Google әзірлеген бұл модель фотосуреттерді өңдеу және генерациялау үшін қолданылады. Пайдаланушы суретті жүктеп, нақты тапсырманы ағылшынша промпт арқылы сипаттайды: сызаттарды жою, бет-әлпетті қалпына келтіру, түстерді қосу және т.б.
NanoBanana-мен Gemini чат-боты арқылы жұмыс істеуге болады. Жүйе бет-әлпетті өзгертпей, табиғи нәтижеге ұмтылады.
Бағасы: айына $20 бастап.
SnapEdit
SnapEdit – жасанды интеллектке негізделген онлайн-фоторедактор. Бір шерту арқылы ескі фотоларды қалпына келтіреді: бұлдырауды азайтады, түстерді жандандырады, дақтар мен бүктемелерді жояды.
Қосымша өңдеу мүмкіндігі де бар: фонды немесе артық объектілерді өшіру, бет әлпетті ретушь жасау, түстік коррекция.
Бағасы: айына 10 тегін кредит (шамамен 5 фото). Ақылы тарифтер – $6 бастап.
VisualParadigm
Бұл сервис ескі фотолардың ұсақ бөлшектерін қалпына келтіруге және түстерді жаңғыртуға бағытталған. Сайттың басты бетінде тіркелусіз сынап көруге болады.
Бағасы: базалық функциялар – тегін, толық нұсқа – айына $4 бастап.
PicWish
PicWish ескі фотоларды қалпына келтіріп қана қоймай, оларды үлкейтеді, айқындығын арттырады, сызаттар мен бүктемелерді жояды. Пайдаланушы суреттің зақымдану деңгейін өзі таңдайды.
Қалауыңызды мәтін арқылы енгізуге болады – нейрожелі соған сәйкес нәтижені қайта жасайды.
Бағасы: 1 фото – тегін. Ақылы нұсқалар: аптасына $5,99 немесе кредитпен.
Palette.fm
Бұл сервис қара-ақ фотосуреттерді түске бояуға маманданған. Түрлі-түсті фильтрлерді ұсынып, ең үйлесімдісін таңдауға мүмкіндік береді. Алайда физикалық ақауларды (жарықшақ, бүктеме) жоюда әлсіз.
Бағасы: тегін нұсқада – сутаңбамен. Ақылы жазылым – $9 айына бастап.
Hotpot
Hotpot – ескі фотоларды қалпына келтіруге арналған AI-платформа. Ол контрастты арттырып, бет-әлпетті анық ете түседі, сызаттарды кетіреді. Қосымша өңдеу арқылы фонмен, объектілермен, бетпен жеке-жеке жұмыс істеуге болады.
Бағасы: күніне 2 фото тегін. Ақылы нұсқа – $10 айына бастап.
Let’s Enhance
Бұл платформа суреттерді автоматты түрде үлкейтіп, сапасын жақсартады. Әсіресе бұлдыраған фотоларды айқындауда тиімді. Қалпына келтіру үшін арнайы шаблон таңдалады.
Мамандар параметрлерді шамадан тыс арттырмауға кеңес береді – әйтпесе жүйе «артық қиялдап» кетуі мүмкін.
Бағасы: 10 тегін кредит, одан кейін – $9 айына бастап.
ImageColorizer
Бұл нейрожелі қара-ақ фотоларды бояп қана қоймай, бет-әлпетті ретушь жасап, сызаттар мен жыртылған тұстарды қалпына келтіреді. Қалаған жағдайда шаштың, киімнің түсін мәтінмен көрсетуге болады.
Бағасы: айына 50 тегін кредит. Ақылы тариф – $3,9 бастап.
Qwen (Alibaba)
Alibaba әзірлеген тегін нейрожелі мәтінмен де, суретпен де жұмыс істей алады. Фотосуретті қалпына келтіру үшін ағылшын тілінде нақты промпт жазу қажет.
Бағасы: тегін.
Flux Context
Flux Context – суреттерді генерациялау және өңдеуге арналған платформа. Пайдаланушы талаптарын толық сипаттап, нәтижелер санын, форматты өзі таңдай алады.
Бағасы: жаңа қолданушыларға 50 тегін сурет. Қосымша кредиттер – $10 / 1000 кредит.
Seedream
Seedream – мәтін сипаттамасы арқылы суреттерді өңдейтін нейрожелі. Бет-әлпетті табиғи түрде қалпына келтіруде тәп-тәуір нәтиже көрсетеді.
Бағасы: платформаға байланысты, Higgsfield – $9 айына бастап.
Біз ескі фотосуреттерді қалпына келтіретін 12 нейрожеліні қарастырдық. Бірі ақауларды мінсіз жояды, екіншісі бет-әлпетті табиғи қалыпта сақтайды, үшіншісі түстерді шынайы береді. Көбіне нақты бір суретке ең жақсы нәтиже алу үшін бірнеше сервисті салыстырып көруге тура келеді.
Ең бастысы, бұл платформалардың басым бөлігінде фотоларды тегін әрі бірнеше батырма арқылы өңдеп көруге мүмкіндік бар.
ЖИ-ге байланысты фотографтардың 58% табысынан айырылғаны туралы жазғанбыз. Сонымен қатар брендтер де талғамға бейімделуі қажеттігіне тоқталдық.

