Жаңалықтар

Өткен жылы қазақстандықтарға 270 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді

Өткен жылы қазақстандықтарға 270 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді
Фото: pixabay.com 15.03.2023 15:24 1611

2022 жылдың сәуір айында мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралары» туралы жарлығына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тиісті маниторинг және талдау жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орынбасарының мәлімдеуінше, талдау жүргізуді денсаулық сақтау, білім  беру, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларынан бастап, қорытындысы шыққан. Сонымен қатар  аталған жұмыстармен қатар жалпы мемлекеттік органдардың  қызметінде көп кездесетін және жиі айтылып жүрген ішкі әкімшілік рәсімдеріне кешенді маниторинг жүргізілген.

Салауат Мүксімовтің айтуынша жолданған ұсыныстар мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше адамға бағдарланған сервистік сипатта қалыптастыруға, бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған.

 "Агенттіктің жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды қамтамасыз етуге сәйкес келеді. Өткен жылы 270 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар бойынша 756 тексеру жүргізілді", деді  спикер.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет барысында 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталып, 124 қызмет алушының құқығы қорғалған. Сонымен қатар 602 лауазымдық тұлға тәртіптік, 305 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға