Жаңалықтар

Өткен жылы «Қазақконцерт» 50 мың тыңдарманға өнер көрсетті

Өткен жылы «Қазақконцерт» 50 мың тыңдарманға өнер көрсетті
Фото: ortcom.kz 15.02.2023 12:34 830

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының 2023 жылғы концерттері мен гастрольдік сапарлары» жайлы айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі деді.

Аталған мақсатты орындау негізінде «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қарқынды жұмыс істеп жатқанын атап өтті.


««Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасын 2022 жылдың тамыз айынан бастап жүргізіп, Қазақстанның барлық өңірінде болып, 50 мыңға жуық тыңдарманға өнер көрсеттік. Енді биыл жаңа гастрольдік сапарға Батыс Қазақстан, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы мен бірқатар аудандар мен елді-мекендерге шығамыз», – деді Ақтоты Рахметоллақызы.


«Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасы биыл да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, облыстық әкімдіктермен және жергілікті мәдениет басқармаларымен өткізілмек.


«Аталған жобаның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін арттыру және ұлттық өнерді дәріптеу. «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен өтеді. Оның аясында 20 облыс орталығы, 28 аудан тұрғындары мен 29 моноқалаларға өнер көрсететін боламыз», – деді директор.


«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы биыл 3 республикалық жоба негізінде 5 бағыт бойынша гастрольдік сапарға шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға