Жаңалықтар

Өткен жылы аукциондарға жазылу бонусы 5,3 млрд теңгеге жетті

Өткен жылы аукциондарға жазылу бонусы 5,3 млрд теңгеге жетті
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі 04.01.2025 19:41 363

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылдың 11 айындағы жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Биыл аукцион арқылы 19 кен орны жүзеге асырылған. Аукциондарға жазылу бонусы шамамен 5,3 млрд теңгені құрады.

2024 жылдың қараша айында 25 кен орны бойынша аукцион жариялағанын еске саламыз. Сауда-саттық 2025 жылғы 29 қаңтарда e-qazyna.kz Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтеді.

2024 жылдың қаңтарынан бастап қатты пайдалы қазбалар бойынша KAZRC стандарттарына толық көшу жүзеге асырылды. Қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша халықаралық есеп беру стандарттарына (CRIRSCO) көшу Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттырады.

Одан бөлек, жер қойнауын пайдалану және геология салаларын автоматтандыру мақсатында minerals.e-qazyna.kz жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасы құрылды. Бірыңғай платформа инвестордың өтініш беруінен лицензия алуға дейінгі цифрландырылған процесін жүзеге асырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға