Жаңалықтар

Өткен жылы 7,6 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлім етті
Өткен жылы 7,6 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz 13.01.2023 21:12 1149

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басшысы Сәбит Нұрлыбайдың төрағалығымен өткен жиында 2022 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі комитетке сілтеме жасап.

Өткен жылы құқықтық статистика органдары 28 мың қадағалау іс-шараларын жүргізді, 49 мыңнан астам түрлі бұзушылықтар анықталды, прокурорлық қадағалаудың 3 мың актісі енгізілді, олар бойынша 7,6 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Азаматтарға 4,8 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді (мұрағаттық анықтамалар, соттылық, апостиль қою, сыбайлас жемқорлық сияқты), мемлекеттік органдардың 1,2 млн сұрау хаттары орындалды.

Қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізгеннен бастап қылмыстық қудалау органдардың қызметін бақылау жұмыстары жақсарды. Нәтижесінде 2022 жылы қылмыстық процеске негізсіз тартылған тұлғалардың саны 59 мыңнан 53 мыңға дейін қысқарды.

Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесі арқылы бизнес субъектілерін бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қысымнан қорғау қамтамасыз етіледі. Комитет пен оның аумақтық органдарының прокурорлары 1050 заңсыз тексерудің жолын кесті.

Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінде электрондық форматта 8 млн астам немесе әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың 88%-ы жасалды. Әкімшілік айыппұлдардың өндіріп алу пайызы 78,2%-ды құрап, 120 млрд теңгеден асты.

Комитеттің ақпараттық жүйелері арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға онлайн шағым беруге, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге, ал бизнес заңсыз тексерулер туралы ақпарат беруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар халық үшін құқықтық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ететін «Qamqor.gov.kz» жария порталы қызмет атқарады. Комитеттің сервистері арқылы азаматтар полицияға өтініш береді және оның қаралуын қадағалайды, көліктің жол-көлік оқиғаларда қатысуын тексереді, өңірдегі крименогендік ахуал және жолдардағы апаттың жай-күйі туралы геокарталар бойынша мәліметтерді алады.​

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға