Өткен жылы 209 қазақстандық ағзасын ауыстырды
Фото: alau.kz
Фото: alau.kz
10.01.2023 13:45
948
2022 жылғы 11 айда 209 қазақстандық ағзасын ауыстырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр 11 айда 209 адам ағзасын ауыстырды (162 бүйрек, 40 бауыр, 4 жүрек, 3 өкпе). Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық (171 адам ағзасын ауыстырған), - деді ведомство басшысы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстанда онкологиялық науқастар үшін гамма-пышақ, радионуклидтік терапия, томотерапия сынды медицина қызметтеріне қолжетімділік артқан.
Сондай-ақ министр халықтың өмір сүру жаcы ұзарғанын да атап өтті. Былтыр ана өлімі 3 есе (2021 жылы – 185 дерек, 2022 жылы – 57 дерек), ал нәресте өлімі 3% төмендеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды