pixabay.com

Өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталды

31.10.2022 09:28

Өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам вирустан жазылды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Қазақстанда 10 842 957 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 927 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 609 347.