Жаңалықтар

"Өтіріктен қорғануға тура келіп отыр": Бишімбаевтың әйелінің туыстары мәлімдеме жасады

"Өтіріктен қорғануға тура келіп отыр": Бишімбаевтың әйелінің туыстары мәлімдеме жасады
Фото: instagram/_salta_n 13.11.2023 02:06 3272

Астанадағы мейрамханада адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың туыстары іс туралы айтты. Бұл туралы Massaget.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күн ішінде үш тергеуші ауысқаны белгілі болды. Бұл туралы марқұмның туыстары Instagram-да жазды.

Желіде жалған жазбалар мен пікірлердің пайда болуына байланысты «басып тастауға» немесе жағдайды жеңілдертуге тырысып жатыр ма деген ой пайда болады. Іс қозғалғаннан бері үш тергеуші ауысты, қандай себеппен екені белгісіз, бұл күдік тудырады. Бұл ретте ескі тергеушілер жаңасының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді, - деп жазады марқұмның туысы.

Салтанат Нүкенованың туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрады.

Өкінішке қарай, орны толмас қазаға қайғырудың орнына өзімізді қолға алып, өтіріктен қорғануға тура келіп отыр, - делінген жазбада.

Марқұмның туыстары айыпталушы тарап бәрін өз пайдасына қолдана ма деп қорқатынын жеткізді.

Оның сау жері болмады. Бізде мәйіттің суреті мен видеосы бар, егер көрсеңіз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіздер. Әділ тергеу жүргізіп, сіңліме жасалған аяусыз зорлықты ақтауға тырыспауды сұраймын, - деп жазды қыз.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың ол әйелін соққыға жығып, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға