«Өте қорқынышты»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қысым көріп жатқанын мәлім етті

Фото: instagram.com/nazymkakharman
Фото: instagram.com/nazymkakharman
04.04.2024 11:01
2564
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман қысым көріп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 сәуір күні өткен сот отырысында Гастро орталықтың бұрынғы директоры Бақытжан Байжанов сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қысым көрсетіп жатқанын айтқан болатын.
Осыдан кейін Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назим Қаһарман Instagram парақшасында өзіне де қысым жасалып жатқанын жазды.
Жалғыз оған ғана емес, маған да қысым көрсетіп жатыр! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Қуандықтан бөлек отырғызады деп сенемін, - деп жазды Назым Қаһарман.

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық танымал журналист өмірден өтті
Келесі жаңалық
Есірткі сатумен айналысқан елорда тұрғыны 8 жылға сотталды