"Өте қарапайым адам". Қырғызстан президенті өзіне сыйлық беруге тыйым салды
Фото: © РИА Новости / Алексей МАЙШЕВ
Фото: © РИА Новости / Алексей МАЙШЕВ
06.12.2023 17:45
1851
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров туған күніне шенеуніктерден ешқандай сыйлық алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
55 жасқа толған Садыр Жапаров өзіне сыйлық беруге тыйым салған.
Бүгін - президент Садыр Жапаровтың мерейтойы, бірақ ол сыйлық беруге тыйым салды, ол - өте қарапайым адам, - деді баспасөз мәслихатында Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов.
Садыр Жапаров 1968 жылы 6 желтоқсанда Ыстықкөл облысындағы шағын Кен-Суу ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіріп, Фрунзедегі оқу орындарының бірінде "бапкер" мамандығында тәлім алған. Кейін 27 жасына дейін диқанда қарапайым жұмысшы болып еңбек еткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға