Жаңалықтар

Отбасыңызбен көруге тұрарлық 5 керемет фильм

Отбасыңызбен көруге тұрарлық 5 керемет фильм
Фото: ru.freepik.com 02.06.2023 18:00 2369

Бүгін жаздың алғашқы аптасының соңғы күндерінің бірі. Алдымызда 2 күн сенбі және жексенбі күнгі демалыс уақыты. Ал, демалыс дегеніміз – жанұяңызбен бірге кино көруге тамаша мүмкіндік. Бірақ, фильм таңдау әрине, оңай шаруа емес. Сол себептен, біз сіздер үшін отбасыңызбен тамашалауға тұратын 5 фильмді назарларыңызға ұсынамыз! Тамаша туындыларды көріп, жақындарыңызбен жақсы уақыт өткізіңіз!

 

«Ғажайып» /Чудо/ (2017)

Режиссер: Стивен Чбоски

Жанр: драма, отбасылық

«Ғажайып» - бұл мейірім мен махаббатқа толы фильм. Басты рөлдегі Огги ерекше бала. Ол, бас сүйегінің алдыңғы бөлігін деформациялайтын дертпен бірге дүние есігін ашқан. Бала болса да, тағдырдың тәлкегіне түсіп, басынан сын сағаттары көп өткен. Аталған фильмде бетіне жасалған бірнеше рет ота жасағаннан кейін ұсқынсызға айналған Оггидің мектептегі оқиғалары суреттеледі.

 

«Біз хайуанаттар бағын сатып алдық» /Мы купили зоопарк/ (2011)

Режиссер: Кэмерон Кроу

Жанр: драма, отбасылық, комедия

Бұл фильм отбасылық құндылықтарды еске түсіреді және болашаққа оптимизммен қарауды үйретеді. Фильм Бенджамин Ми жазған естеліктер желісімен түсірілген. Басты рөлдегі кейіпкер кішкентай үймен бірге қараусыз қалған хайуанаттар бағын сатып алады. Балаларына да жануарларға қарауды үйретеді. Бұл өз кезегінде кішкентай балаларды мейірімділікке тәрбиелейді. Ал, бұл отбасысында болған орны толмас қазаға, яғни балалардың анасының өлімін ұмыттыра алма ма? Тым болмаса, көңілдерін қарлығаштын қанатындай су сепкендей қып баса алады ма? Туындыдағы оқиға желісі осы бағытта жүріп отырады.

 

«Рождестводағы оқиға» /Рождественская история/ (2007)

Режиссер: Юха Вуолиоки

Жанр: фэнтези, отбасылық, драма

Бұл фильм бізді материалдық құндылықтардан адами құндылықтар жоғары бағалауды үйретеді. Басты рөлдегі Николос ата-анасы мен отбасы мүшелерінен бір уақытта айырылып қалады. Оны жетім қалдырмау үшін қала тұрғындары қызық шешім қабылдайды. Кішкентай Николасты әр отбасы жаңа жыл қарсаңында асырап алып, келесі жаңа жылға жеткенде келесі отбасыға беруді шешеді. Аталған фильмде Николастың өміріндегі қызықтар мен қиыншылықтар баяндалады.

 

«Терабитияға көпір» /Мост в Терабитию/ (2006)

Режиссер: Габор Чупо

Жанр: фэнтези, отбасылық, драма

Балалардың шексіз қиялы, жасөспірім кезеңіндегі қиындықтар, жақындарымен келіспеушіліктер және кедейлік. Фильм көрерменге шынайы достық пен адалдықтың не екенін көрсетеді. Кедей отбасында дүниеге келген Джесс Ааронді мектептегі қатарластары ескі киімі үшін мазақ қылады. Бірақ, ол Лесли атты дос тауып, екеуі ажырамас жолдасқа айналады және екеуі қиялдарынан Терабатияны ойлап шығарады.

 

«Сынып алдында» /Перед классом/ (2008)

Режиссер: Питер Уэрнер

Жанр: комедия, драма

Өмірде болған оқиғалар желісімен түсірілген бұл фильм бізді арманды іске асыру үшін аянбай еңбек ету керегін түсіндіреді. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, туретта синдромына шалдыққан Брэд Коэн мұғалім болуды армандайды. Арманын іске асыру жолында қоғамның қаңқу сөзі мен мазағына шыдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға