Жаңалықтар

Отбасын құруды жоспарлап жүргендер үшін тренинг өткізілді

Отбасын құруды жоспарлап жүргендер үшін тренинг өткізілді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 30.03.2024 16:25 758

Астанада некені тіркеуге өтініш берген азаматтарға тегін кеңес беру және оқыту жобасы аясында тренинг өтті. Яғни, отбасын құруды жоспарлап жүрген қазақстандықтар шеберлік сабақтарына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көтерілген мәселелердің қатарында отбасын жоспарлау, отбасылық психология, репродуктивті денсаулық және т. б. бар.

Мәдениет және ақпарат министрлігі тренинг қарым-қатынастағы негізгі құқықтық аспектілермен танысуға, отбасылық бюджетті жоспарлауға, эмоционалды интеллекті басқара білу және сау отбасылық қарым-қатынас орнатуға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шараға некеге тұруды жоспарлап жүрген 12 жұп және Астана қаласы мен Ақмола облысындағы отбасын қолдау орталықтарының 10 маманы қатысты.

Қатысушылар құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа түбегейлі төзбеу, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект, серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау сияқты 6 тақырып бойынша көптеген мәселелермен және оларды шешу әдістерімен танысты. 

Жаттықтырушы ретінде халықаралық кәсіби қоғамдастықтарға белгілі қазақстандық сарапшылар сөз сөйледі. Кездесу соңында жас ерлі-зайыптылар үйлесімді қарым-қатынас пен бақытты отбасын құру үшін осындай тренингтердің қажеттілігі туралы пікірін бөлісті.

Айта кетейік, тренинг пилоттық режимде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрғын халық саласындағы қорымен (ЮНФПА) бірлескен жоба аясында өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға