Жаңалықтар

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы басым бағыт - министрлік

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы басым бағыт - министрлік
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.12.2023 02:47 957

2023 жылдың қорытындысы бойынша отбасылық құндылықтарды нығайту және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу басым бағыт болып қала береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі отбасылық құндылықтарды нығайту және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.

Адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің оң имиджін тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру мақсатында 2023 жылы «Мерейлі отбасы» мерейтойлық ұлттық байқауы өтті, оған 10 жыл ішінде 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Ұлттық комиссияның қолдауымен жыл сайын әкелердің республикалық форумы өткізіледі. Қазақстандық мерекелер күнтізбесі Әкелер күнімен және Аналар күнімен толықтырылды.

2023 жылы БҰҰ Халық қоры (ЮНФПА) бірлесіп, Астана және Шымкент қалаларында некеге дейінгі тегін кеңес беру және некені тіркеуге өтініш берген азаматтарды оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Отбасын қолдау орталықтарының қызметін стандарттау және отбасын қолайсыз әлеуметтік ортадан шығару бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл құру үшін Министрлік Отбасын қолдау орталықтарының бірыңғай тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Бүгінде өңірлердегі отбасыларға 68 Орталық кешенді көмек көрсетеді. Ағымдағы жылдың басынан бері 100 мыңнан астам кеңес берілді. Келесі жылдан бастап жұмыстағы бірыңғай тәсілдер отбасын қолдаудың барлық орталықтарында енгізілетін болады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарында және Астана қаласында агрессорлармен жұмыс жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда. Агрессорлармен жұмыс бойынша оқыту тренингтерінен дағдарыс орталықтарының 70 қызметкері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 280 инспекторы, сондай-ақ учаскелік инспекторлар өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға