Жаңалықтар

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

1 маусым – Балаларды қорғау күні. Осыған байланысты Қызылорда қаласында отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды.
01.06.2015 08:43 14159

1 маусым – Балаларды қорғау күні. Осыған байланысты Қызылорда қаласында отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

Балалар ауылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге қорған болмақ. Онда 8 екі қабатты және 1 әкімшілік ғимараттың құрылысы салынды. 1 маусым - Халықаралық балалар қорғау күніне орай нысан салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Жас жеткіншіктердің қуанышымен аймақ басшысы Қ.Көшербаев бөлісті.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

– Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті.  Сондықтан да, Сіздер, балалар, бір әулеттің баласындай тату-тәтті өмір сүріп, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқор бола біліңдер. Тәуелсіз еліміз барда, сендер ешқандай да қиыншылық көрмейсіңдер.  Бастысы аналарыңның айтқанын екі етпей, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін  өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

Қазір мұнда қаладағы балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі көшіп келді. Әр коттеджде 7-10 баладан тұрады. Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер отбасы үлгісінде тәрбиеленетін болады, яғни әрбір отбасының өз анасы бар. Балалар ауылын салу, абаттандыру сияқты жұмыстарға бизнестің жауапкершілігі және әріптестік негізінде «Петро-Қазақстан» компаниясы 650 млн. теңге бөлген.  

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

«Жетім» деп жәутеңдетпей, мұндай қамқорлық жасап жатқанына балаларда өз кезегінде алғысын білдірді.

- Балалар үшін жасап жатқан Елбасы қамқорлығына алғысымыз шексіз. Ешқандай сөзге теңеусіз жасалған «Атамекен» ауылында тек балалардың сыңғырлаған күлкісі мен бақытты балалық шақтың куәгері болатынымызға сеніміміз мол. Біздің әрбіріміз елдің мақтан тұтар азаматы болуға, үлгілі тәртібіміз бен сапалы біліміміз арқылы еңбектеріңізді қайтаруға уәде береміз, - деді балалар ауылының тәрбиеленушісі Наргиз Кашапова.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

Сегіз тұрғын үйден тұратын отбасылық үлгідегі балалар ауылын ашу арқылы Қызылорда облысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі жойылған бірден-бір аймақ болып отыр. Балалар ауылын құрудағы негізгі мақсат балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуін жанұялық жағдайда қалыптастыру.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды

Айта кетерлігі, балалар ауылындағы әрбір үйге демеушілік, қамқорлық жасау мақсатында мұнай компаниялары мен білім беру ұйымдары бекітілді. Осы орайда олар да құр алақан емес, мереке күні әрбір жеткіншекке өзінің қалауы бойынша сый-сияпаттарын жасады. Облыс әкімі балалар ауылындағы барлық үйде болып, балақайларды мерекемен құттықтады. Мерекеге орай түрлі концерттік бағдарламаларын қойып, әр үйдің тұрғындары өз өнерлерін көрсетті. Мұндағы әрбір үйдің Үшқоңыр, Ақжайық пен Байқоңыр, Алатау сияқты атаулары бар. Бастысы балалар өте қуанышты.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға