Отандық жеңіл атлет Нора «Гауһар лига» кезеңінде жүлдегер атанды
29.08.2025 22:29
Фото:
ҚР ҰОК
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Цюрихте (Швейцария) өтіп жатқан «Гауһар лига» кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлемдік беделді турнирде жеңіл атлет 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден 9:10.87 нәтижесімен мәре сызығын екінші болып кесті.
Кения спортшысы Фейт Черотич 8:57.24 көрсеткішімен жеңіске жетті. Үздік үштікті Тунис атлеті Марва Бузаяни 9:12.03 нәтижесімен түйіндеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

