Отандық жас боксшылар Сербиядағы турнирде бес медаль жеңіп алды
04.09.2024 20:39
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Сербияның Суботица қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жастар арасындағы турнирге Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдеге ілікті.
Атап айтар болсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Бес боксшы да жартылай финалда жеңіліс тапты.
Еске салайық, Сербиядағы халықаралық бәсекеге Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан боксшылар қатысты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

