ҚР ҰОК

Отандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теннистен Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің 1/8 финалында қазақстандық дерби өтті.

Кортта Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко кездесіп, ойын екі сетке созылды. Жұқаев жалпы 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Сонымен қатар 1/8 финалға Денис Евсеев те шықты. Ол француз Валентин Руайемен кездеседі.