«Қазақстан» телерадиокорпорациясы XIX Жазғы Азия ойындарының ресми хабар таратушысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Корпорация 2023 жылғы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарын көрсету құқығын иеленді.
Коммерциялық тұрғыдан тиімді бағаға қол жеткізу үшін ірі трансляциялардың құқығы бойынша келіссөздер ұзақ мерзімге созылады. Азия Олимпиадалық кеңесімен бір жылға жалғасқан келісімдердің нәтижелі аяқталғанын хабарлаймыз. Трансляциялардан бөлек, Ханчжоу қаласына түсірілім тобы жіберіліп, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей қосылымдар, студиялық бағдарламалар ұйымдастырылады.Қазір Азия ойындарын жүргізетін комментаторлар іріктелуде, - деді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

