Отандық маман Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына кірді
02.08.2025 20:40
Фото:
ҚР ҰОК
Бангкок (Таиланд) қаласында бокстан U19 және U22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аясында Азия бокс федерациясының кезектен тыс конгресі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын барысында жаңа құрлықтық ұйымның басшылық құрамы сайланды.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Қаржылық және аудиторлық комиссияның төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Айта кетейік, Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, ол 2024 жылдың желтоқсанында Asian Boxing уақытша кеңесінің құрамына сайланған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

