instagram.com/astana_povar

Отандық кәсіпкер Сәкен Майғазиевке қымбат сыйлық жасады

Белгілі кәсіпкер әрі меценат Индира Жақыпова танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиевке ерекше сыйлық табыс етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Индира ханым бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Ол өнер иесіне бриллиант тастармен көмкерілген алтын Rolex сағатын тарту еткенін айтты.

Сәкен ағама гауһартаспен безендірілген алтын сағат сыйладым. Алла берушілердің қатарынан жазсын! Сәкен аға, игілігіңізге тағыңыз, өнеріңіз өрге жүзіп, ғұмырыңыз берекелі болсын, – деп жазды Индира Жақыпова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Indira Zhakupova (@astana_povar)