Отандық ғалымдардың әдістері әлем бойынша медицина ұйымдарында қолдануға ұсынылды
Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар Ұлттық ғылыми орталығы Joint Commission International (JCI) аккредитациясынан сәтті өте отырып, медициналық көмектің қауіпсіздігі және сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Институт осындай деңгейге қол жеткізген Қазақстандағы үш клиниканың біріне айналды. Бір апта ішінде JCI сарапшылары клиника жұмысын 1110 критерий бойынша бағалай отырып, жан-жақты аудит жүргізді. Жоғары тәуекелдегі дәрі-дәрмектермен жұмыс істеуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға, науқастарды емдеу мен күту әдістеріне, медициналық үдерістердің қауіпсіздігіне, тәуекелді басқару мен науқастар құқығының сақталуына ерекше назар аударылды.
Аудиторлар клиниканың медицина персоналының біліктілігі жоғары екенін, институттың барлық үдерістері науқастар тұрғысынан бағаланғанын атап өтті.
Аудит нәтижесінде JCI командасы JCI халықаралық кітапханасына енгізуге ұсынылған, ҒЗИ-да қолданылатын бірнеше бірегей тәжірибені бөліп көрсетті. Оның ішінде қант диабетіне шалдыққан жүкті әйелдерді бағдарлаудың озық әдістері, кардиореабилитациядағы сабақтастық талаптары мен ішекті эндоскопияға дайындау стандарттары бар.
Осы тәжірибелерді өзінің халықаралық кітапханасына енгізу туралы JCI ұсынымдары аталған институт тәжірибесі әлем бойынша медициналық ұйымдарға да таратып, қолдануға болатынын білдіреді.
ҒЗИ кардиологиясы сапасын басқарудың жүйелі әдісі мен жаңа тәжірибесін енгізудің арқасында клиникалық көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартып, науқастардың қызметтерге қанағаттанушылығын арттыру және өлім-жітімді азайту мүмкін болды.