Отандық дзюдошылар Азия чемпионатында екі қола медаль еншіледі
25.04.2025 15:31
Фото:
ҚР ҰОК
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әзірге екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғалия Тынбаева үздік үштікке енді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.
Екінші жүлдені Шерзод Давлатов салды. Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.
Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

