Бүгін, 7 желтоқсанда, Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов рингке көтерілді.
57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асылқұлов келесі кезеңге жолдаманы Кабо-Верде елінің өкілі Элизандру Саншеш да Силвамен таластырды. Қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, турнирді сәтті бастады.
Кешкі бағдарламада Ертуған Зейнуллинов Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлмен күш сынасады, ал Абылайхан Жүсіпов армениялық Арарат Арутюнянмен жұдырықтасады.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Биылғы бәсекенің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

