Отандық балуандар Албаниядағы турнирде 8 медаль жеңіп алды
04.03.2025 03:20
Фото:
ҰОК
Албанияда күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталды. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел қоржынына түскен жалғыз алтынды Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) иеленді. Ал Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) әйелдер күресінде қола медальға ие болды.
Грек-рим күресінде Ерасыл Мамырбеков, Ерсін Абыыр (55 келіге дейін) және Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) үшінші орынды қанағат тұтті.
Ұлттық құрама еркін күрестен де үш жүлде жеңіп алды. Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін) және Рүстем Мырзағалиев (86 келіге дейін) қола жүлде еншіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

