29 Маусым 2025, 20:30

Отандық әйнек: технология және өндіріс

«Біздің brand» – отандық өнім өндірушілерді көрерменге репортаж жанрында, шынайы түрде таныстыратын жоба. Жобаның мақсаты – қазақстандық өнімге деген сенімді арттырып, отандық кәсіпке қолдау көрсету. Жүргізуші әр шығарылымда бір отандық кәсіпорынға барып, өндірістік үдерістің барлық кезеңіне куә болады. Көрермен өнімнің қалай және қандай жағдайда жасалатынын өз көзімен көреді. Жүргізуші зауыт, цех немесе шеберхананы аралап, технологиялық процестердің қыр-сырымен танысады. Сондай-ақ кәсіпорын мамандарымен ашық сұхбат жүргізіп, олардың тәжірибесі мен кәсіби көзқарасын ортаға салады. Жобада компания тарихы, нарықтағы орны мен болашақ жоспарлары да қамтылады. Отандық брендтің ерекшелігі мен артықшылықтары жан-жақты сипатталады. Көрермен әр кәсіпорынның артында қанша еңбек, ізденіс пен жауапкершілік жатқанын сезінеді.