Жаңалықтар

Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері 9 млн адамды тасымалдаған

Бұл елдегі 10 ай ішіндегі көрсеткіш екені белгілі болды
Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері 9 млн адамды тасымалдаған
Фото: atpress.kz 08.12.2022 00:15 1250

Биыл 10 айда қазақстандық әуе компаниялар шамамен 9 млн адамды тасымалдаған, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, тасымалдау 2021 жылдағы көрсеткіштен 16%-ға, яғни 7,7 млн жолаушыға артқан. Мәселен, Air Astana компаниясында жолаушылар ағыны шамамен 3,4 млн адамға, FlyArystan компаниясында 2,6 млн адамға жуықтап, сондай-ақ SCAT компаниясында жолаушылар саны 2,4 млн-ға және Qazaq Air-да 500 мың адамға өскен.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық әуе кемелердің паркі 2025 жылға дейін 51 ұшақпен толықтырылады. Осы жылы отандық авиакомпаниялардың паркі 10 жаңа ұшақпен толықты. Мәселен, SCAT компаниясының әуе кемелер паркі 5 ұшақпен толықса, Fly Arystan 3 ұшақ және Air Astanа 2 әуе кемесін сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа ұшақ пайдалануға беріледі. Азаматтық авиция ұшақтарының жаңаруы рейстердің кешігуін азайтуға, тасымалдау сыйымдылығын арттырып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ қазақстандық әуе тасымалдаушылардың ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға