Жаңалықтар

Отандық фермерлер малдың жүнін Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорына өткізе алады

Қазіргі уақытта Қазақстанда жүннің 70% жуығы кәдеге жаратылады
Отандық фермерлер малдың жүнін Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорына өткізе алады
Фото: eldala.kz 29.09.2022 11:54 1319

Ақтөбе облысында итальяндық технология бойынша өңделген жүннен тоқылмаған материалдар өндіріле бастайды. 2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, «CORMATEX S.r.l.» және «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаны «KazFeltec» ЖШС қазақстандық компаниясы итальяндық инвестор Cormatex-пен бірлесіп іске асыратын болады. Ол қаржы құюдан басқа кәсіпорынды итальяндық технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жобаның құны 10 млн долларға бағаланады, оның 70% қарыз сомасы құрап отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда жүннің 70% жуығы кәдеге жаратылады. Жаңа жобаның ашылуы мультипликативті әсерге ие болады, соның арқасында қазақстандық мал өсірушілер малдың жүні мен терісін сатып, пайда таба алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға