Жаңалықтар

Отандық қант өндірушілермен бағаны тұрақтандыру туралы келісім жасалды

Бұл туралы Сауда комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті
Отандық қант өндірушілермен бағаны тұрақтандыру туралы келісім жасалды
Фото: 24.kz 12.10.2022 17:05 1357

Астанада ҚР сауда интеграция министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, "Ақсу Кант", "Меркі қант", "Көксу қант зауыты" және "Тараз қант зауытының" өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қант бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz

Құжат қант бағасын тұрақтандыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елімізде қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.

ҚР СИМ Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, меморандумға қол қою ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге тікелей айналым қаражатын бөлуді көздейтін мемлекеттік қаржылық қолдау жүйесінің жаңа тетіктерін енгізудің маңызды кезеңі болып табылады.   Бұл ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар өнімдердің болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.

"Қант зауыттары үш айлық қант шикізатын сатып алып, жыл бойы тұрақты өңдеуді қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде зауыттар 1 жылға сату бағасын белгілеу, зауыттарды міндетті түрде жаңғырту, сақтау қуатын ұлғайту және қант саласын дамыту жөніндегі жоспарды мүлтіксіз орындау бойынша нақты өзара міндеттемелер алады ",- деді Меморандумға қол қою барысында ҚР СИМ Сауда Комитетінің төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға