Жаңалықтар

Отандық радиолардағы ойын - сауықтық бағдарламалардың бағыт - бағдары, функциясы

Радио
26.07.2016 10:54 5532

Өмірде  түрлі  жағдайларға   тап болып  жатамыз.  Мысалы сіз өзіңіздің  өмірдегі  бағыт бағдарыңызды білмей,  алға қарай  қадам басуыңыз қиын болады. Ғалымдардың  айтуынша  адам екі нәрседен қателеспейі қажет. Біріншісі  мамандық таңдаудан,  екіншісі  жар таңдаудан. Осы тәсіл арқылы сіздің бағыт  бағдарыңызды  білуге болады. Сол  сияқты радионың да өз бағыт бағдары, өмірде алатын  орны  бар. Жүз жылда ел жаңа  демекші,  радио қазіргі таңда сандық  технологияға көшті, сол арқылы  онлайн  трансляциялау  дамыды.  Радио - ғажап идеяның жемісі. Жүз жылда радио өзі де миллиондаған  идеяларды таратты. Озық ой қоғамды өрге сүйрейді. Адамзат радио арқылы жеткен табыстар үшін мәңгі борыштар. Оның болашағы да жарқын. Сол әуе толқынынан ізгілік пен жасампаздықты  сезіне бергім келеді, қариялар батасындағыдай «өмірдің қызығына тоймасам деймін» . Әркім-  ақ осылай ойлайды - деп  жазады өз зерттеу еңбегінде Аязби  Бейсенқұлов .

         Журналист жасаған жобасы арқылы өзін-өзі дәлелдеуге кіріседі, журналистикадағы өз әлеміне қадам басады. Сонымен, тағы да бір журналистке ең керек нәрсе “Іс-әрекет мазмұны” кестесіндегі келесі бір ұғым – сенім. Күш-қуаттың қайнар көзі – біздің өзіміздің ақыл-ойымыз. Адамның сенімі – оның өмірінің бейне көрінісі. Адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз қорқақ, қол – батыр” деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні - өзінің бойындағы кәсіби құндылықтары.
Ал адамның жеке басындағы құндылықтары қоғамдық сана түрінде әлеуметтік психологиялық деңгейде қалыптасады да, оның жеке басының мәдениеті мен кәсіби этикасынан көрініс табады. Оған адамның отаншылдық рухын, азаматтық ар-ожданын, ұлттық намысын, кәсіби артықшылықтарын (шешен тілін, әуезді үнін, сезімталдығын, білімділігін, тапқырлығын т.с.с.) жатқызуға болады. Оның бәрі уақыт аясында қалыптасады. Уақыт барысында шыңдалады. Эфирдегі бағдарлама да уақытпен өлшенеді. Уақытқа тән бір ғана заңдылық – оны ұтымды пайдалану.

       Теледидар өмірге араласқан соң   радионың беделі  төмендеді ме? Әрине , жоқ. Кейбір теоритиктердің  алғашқы кездері  «тек  тыңдағаннан гөрі, әрине көріп отырып  тыңдаған жөн. Сондықтан теледидарға қарағанда радионың өмірде  қажеттілігі болмауы да мүмкін » деген болжамдары жүзеге аспағаны дәлелденді. Қайта, радио  өз  артықшылықтарын  , мүмкіншіліктерін  пайдалана отырып, даму үстінде. Ол қандай артықшылықтар, мүмкіншіліктер, ерекшеліктер екендігіне тоқталу қажет :

    1. Баспасөз бен теледидарға қарағанда  аса жедел, шапшаңдығы  оперативтілігі. Аса бір жедел, әрі маңызды жаңалықты хабарлауда, орасан үлкен аудиторияны жинауда, яғни сол насихатты   немесе сол хабарламаны  тыңдайтындардың   саны жоғарыда аталған  ақпарат құралдарына  қарағанда әлдеқайда көп екендігі   ғылымда  дәлелденіп   отыр.

     2. Өте қолайлығы. Портативті  транзисторлар арқылы далада  жүрген малшы да, егінші де  т.б  еңбек адамдары  немесе көлікте  кетіп бара жатқан   жолаушы да кез келген  хабарды өз қалауы бойынша  таңдай алады.

      3. Ерекше көңіл бөлуді қаламайды, яғни атқарып  отырған  жұмысыңды тастап, теледидар  алдына отыруға  мәжбүр еткендегідей  емес,  не болмаса  арнайы уақыт   бөліп оқуыңды қажет етпей, қайта сол  істі атқара  жүріп тыңдап,  информация   алуға мүмкіндік бар.

       4. Тыңдаушы өзіндік  пікір қалыптастырады. Мысалы,  радиоқойылым тыңдап отырған  адам ондағы  кейіпкердің   іс әрекеті, дауыс ырғағы,  сөйлеген сөзі арқылы  өзіндік пікір түйеді, өзінше   елестетеді, өзінше тұжырымдайды.

        5. Тыңдаушыға  сол  оқиғаға   қатысып,  отырғандай  әсер қалдырады.

        6. Жанды дауыс  арқылы  дыбыстық,  документтік  сурет  келеді  көз алдыңызға.

        7. Нақтылық. Адамның сөйлеу мәнері,  дауысы  арқылы тану ( мысалы, мынау сөйлеп отырған  бәленбай адам  ғой.   Немесе  мына пікір ана қайраткердікі ғой деген сияқты. ) – дейді өз зерттеуінде  Клара Қабылғазықызы.

       Бұл сөздерден ойға  түйетініміз  көп. Біріншіден, радио ол жедел тарайды, мысалы  көлікте кетіп бара  жатып,  «Ақтөбедегі ланкестік  жағдай  туралы» сіз бірінші естисіз, кешке үйіңізге жеткенде  жұбайыңыз  жаңалық  көрейік  деп отырғанда  сіз оған  радиодан естігеніңізді , айтып бересіз. Ол аң таң  болады. Өйткені алдын ала айтылған жаңалық , эмоцияға ерекше әсер етеді. Мұның жеделдігі  осында. Екіншіден , яғни әркімнің  өз қалауы, талғамы, сұранысы болғандықтан,  ол қай  арнаны  тыңдағысы  келсе, сол арнаға  ерекше көңіл бөлуіне болады. Қазір тіптен  бәрі  жаңарғандықтан,  тез  ауыстыру  арқылы  әр арнаның  бағдарламасына,  музыкасын  ерекше  зерттеуге  болады. Үшіншіден,  уақытыңды мүлде алмайды,  сурет  салып отырып , немесе  тамақ  даярлап, тамақ істеп  жүріп тыңдауға өте қолайлы. Төртіншіден,  тыңдарман  айтып  жатқан  нәрсені көз алдына  елестетіп, сол оқиғаның  тұңғиығына шомылып кетуі ғажап емес. Бесіншіден, әсері ерекше мол болуында. Тыңдарманға тікелей әсер етсе,  ол бағдарламадан өзіне керегін теріп алып, өз бағытын  таңдап алуға да мүмкіндігі бар. Алтыншыдан,  жанды дауыс  ол адамға ерекше әсер етеді, мысалы  радионы  жүргізушілер  жанды  даусымен  тыыңдарманның  жүрегінен  орын  табады.  Әсілінде  табиғи әсем дауыс  екінің бірінің  басына беріле бермейді.  Жетіншіден, нақты, анық сөйлеген  радиожүргізушілерді  халық  өмірде  даусынан  танып  жатады. Оның сөйлеу  мәдениетінен , дикциясынан  таныған халық  сұхбаттасып, ааа  мынау  «Keshki  time»  бағдарламасының жүргізушісіғой  деп танып,  қуанып  жатады.

 Ары қарай функция дегеніміз не? «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. – Н.Омашев. Радионың  міндеттерін   анықтап, жіктеп  алдық. Ендігі кезек бағыт бағдарына келіп тіреледі.  Мысалы, кей радиолар  әлеуметтік  бағдарламаны  қозғаса,  ал кейбіреуі  мәдени, ақпараттық, ағартушылық ,танымдық, сазды, ойын сауықтық  тақырыптарды қозғайды.  Сол  арқылы  тыңдарманмен  тілдесіп, әрқайсысының  бағыт - бағдарын , мақсатын айқындайды.  Мысалы, «Keshki  time»  бағдарламасына  бір қыз хабарласты , ол қыз бен танысқан  жүргізушілер  біздің білуімізше сіз  болашақ   дәрігерсіз деді, иә  әрине  бірақ  он жеті жыл осы  мамандыққа  түсе  алмай, осы жылы ғана  түсуіме тура келді  де жауап берді. Шын мәнінде бұл мамандықты күйеуі таңда деп, кеңес бергендіктен таңдағанын айтса. Алайда бұл жерде оның  осы мамандыққа деген  күмәндануын  байқауға болады. Ал жүргізушілер  өз кеңестерін  беріп, алдыңызға мақсат қойсаңыз,  бағыт - бағдарыңызда   анықтала  түседі. Сондықтан  заманның  көшінен  қалмаңыз, білікті дәрігер болуыңызға тілектеспіз деп, сөз басын қайырды.

1992 жылы “Отечественное радиовещание: пути и проблемы становления” деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің зерттеуші-ғалымы В.Н.Ружников өз еңбегінің “Современность радиовещания” деп аталатын тарауында радиожурналистикада пайда болған жаңа  тенденцияларды төрт топқа бөліп қарастырады:

1. Бағдарламалардың дербестелуі. Дикторлық радионы журналистік радионың алмастыруы, демек бұған дейін журналист дайындап берген мәтінді диктор мәнерлеп оқыған болса, ендігі жерде журналистің көзбен көргенін, көңілге түйгенін өз аузынан айтып, өз атынан баяндайтындығы.

2. Бағдарламалардың  ауқымдылығы. Ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың кеңінен қолданылуы. Төрт топқа да тән ерекшелік журналистердің жеке тұлға ретіндегі  даралануы. Ал мұның өзі – радиожурналистикадағы, жаңаша жұмыс тәсілі, тікелей эфир аясында  жүзеге асқан құбылыс. Олай болса, тікелей эфирден берілген хабардың кәсіби сапасын сол эфирді жүргізген журналистің кәсіби деңгейімен өлшеуге тура келеді.  Бұл  қисын өз кезегінде жүргізушінің жетекші ролін айқындауға, соған сәйкес оған жүктелетін жауапкершілік мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер журналист еңбегін кәсіби процесс ретінде талдасақ, онда оны идея – жоба – сценарийлік нұсқа – эфирдегі құбылыс сызбасы бойынша жүзеге асатын жұмыс тәртібі ретінде қарастыруға болады. Бұл сызба негізінен, журналист өзі даярлап, өзі эфирге  алып шығатын авторлық бағдарламаға тән.

     Радиоаудиторияны айқындаудың әдісі ретінде анкеталық сұраулар, интервью алу да қолданылады. Яғни, қандай сұрақтарға жауап алу керектігі алдын ала даярланып, мүмкіндігінше әртүрлі әлеуметтік топтарға таратылып, жауап жинақталады, кейіннен сұрыпталады, соның негізінде қорытынды жасалады. Бұл журналистің ақпаратты талдау тәсілдерімен ұқсас болып келеді.

     Н. Омашев «Ра

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға