Жаңалықтар

«Отандастар форумына» 200-ге жуық қандасымыз қатысады

«Отандастар форумына» 200-ге жуық қандасымыз қатысады
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы 10.10.2023 20:40 934

11 қазан күні Астанада өтетін «Отандастар форумына» 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Олар – шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері.

«Отандастар форумына» 200-ге жуық қандасымыз қатысады

Осы ретте форум алдындағы спорттық бағдарлама аясында қонақтар ұлттық құндылықтарымызбен етене жақын танысты.

Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындарымыздан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Қонақтардың назарына  қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.  

«Отандастар форумына» 200-ге жуық қандасымыз қатысады

Кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Отандастар форумы» шетелдердегі қазақ ұйымдарының басын қосатын аса ауқымды жиын. Баршаңызға мәлім,  ұлттық спорттың артында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, намысы мен рухы тұр. Ұлттық спорт қауымдастығы ата-бабадан қалған қасиетті мұраны дамытуға бар күшін салып отыр. Отаны бірдің – тілегі бір! Береке-бірлігімізбен Қазақстанның мемлекеттігін нығайта түсеміз деген сенімдемін, - деді қойылым алдында сөз алған Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.

Сондай-ақ қауымдастық президенті қандастарды келесі жылы Астанада өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға