Отан туралы
04.11.2015 10:18
6024
- Отан – елдің ағасы, ел – ердің анасы.
- Туған жердей жер болмас, туған елдей л болмас.
- Отанды сүю – от басынан басталады.
- Отан оттан да ыстық.
- Ел іші – алтын бесік.
- Пәлен жерде алтын бар, өз жеріндей қайда бар.
- Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
- Туған жердің жуасы да тәтті.
- Әркімнің өз жері – жұмақ.
- Ер елінде, гүл жерінде.
- Өз елінде көрітышқан да батыр.
- Өз елінің иті де қадірлі.
- Ауыл итінің құйрығы қайқы.
- Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
- Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
- Орағың өткір болса, қарың талмайды. Отаңын берік болса, жауың алмайды.
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
- Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсам мыс та жоқ.
- Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
- Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.
- Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас.
- Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды.
- Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар.
- Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң.
- Жат жердің қаршығасынан өз елінің қарғасы артық.
- Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
- Бақа көлінде патша, балық суында патша. жігіт елінде патша.
- Туған жердің ауасы да шипа.
- Ит тойған жеріне, ел туған жеріне.
- Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
- Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің.
- Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адақ батыр қайдан шықты