Жаңалықтар

«От болып жалындаған» Әзірбайжан елінің Қазақ жеріндегі ұрпақтары туралы үздік сыр

«От болып жалындаған» Әзірбайжан елінің Қазақ жеріндегі ұрпақтары туралы үздік сыр
16.04.2019 00:00 4936

Көп жыл бұрын туған өлкесі Әзірбайжанды қазақтың шексіз даласына ауыстыруға  мәжбүр болып, Ақтөбе облысында пана тапқан ұлт үшін бұл өңір олардың үйіне де, екінші отанына да айналды.

Тағдырдың тәлкегіне ұшырап жат жерде еңбек етіп, өмір сүруге тура келген Әзірбайжан диаспорасының Ақтөбе облысы аумағында пайда болу тарихы да басқа ұлт өкілдерінің әңгімелерінен айырмашылығы аз. Жылдар өте жат мекен дос жаран, тума-туыс мекендеген туған Отанға айналып шықты.

«Алайда ХХ ғасырдың бірінші жартысында бәрі өзгеше болатын. Шамамен отызыншы жылдары әзербайжандарды қазақстанға күштеп қоныстандырды», - деп түсіндірді Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық ҚБ филиалының төрағасы Шахбаз Джамалов. Қоныстанушылардың көбі оңтүстікте: Алматы облысы, Шымкент, Түркістан қалаларында орналасқан. Ақтөбе және басқа облыстар бойынша олардың саны аз.

Келушілердің келесі толқыны елуінші–алпысыншы жылдардағы тыңның уақытында қазақ жеріне қадам басты. Олардың арасында Әзірбайжаннан шыққан спортшылар да болды. Қоныстанушылар бұл жерге түрлі себептермен ат басын тіреді. Біреулері өз еркімен жұмыс істеуге келсе, екіншілері Комсомол жолдамасы бойынша келген, тағы біреулері әскерден кейін қалып қойған. Отбасын құрып, балаларын өсіріп, жаңа жерде өз халқының салт-дәстүрлерін сақтауға тырысты.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында ресми деректер бойынша бір мың бір жүз әзірбайжан тұрады. Ал Қазақстандағы жалпы саны 100 мыңға жетіп жығылады. Басқа сөзбен айтқанда, әзірбайжандар халқының саны бойынша Қазақстанда 10-шы орында тұр деген сөз. Соңғы халық санағы кезінде мамандар дәл осындай тұжырымдарға келді. Шындығында бұл көрсеткіш қағаздағы көрсеткіштен сәл жоғары болуы әбден мүмкін.

Біздің кейіпкер Шахбаз Илал-оглы Джамалов Армян ССР-і, Басарчечар ауданы, Азизлу селосында 1945 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, кәсіпкер.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

«Біз этномәдени бірлестік ретінде 1996 жылдың 10 қазанында тіркелдік. 2009 жылы Ақтөбе қаласында Достық үйі салынды. Достық үйінің салтанатты ашылуына еліміздің Президенті қатысты. Бұл ғимаратта мұражай мен кабинеттер орналасқан», - деп еске алады Ш. Жамалов.

Бірлестік Ақтөбе облысында тұратын азербайжандардың тілі мен мәдениетін сақтау, ұлтаралық келісімді нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу, жасөспірімдерді мемлекеттік тілді үйренуге, қастерлеуге үйрету жұмысында қыруар еңбек етуде.  

«Бүгінгі таңда біздің филиалда жексенбілік мектеп, көркем өнер шығармашылығы, ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ жастар қанаты жұмыс жасайды. Барлық фотосуреттер, грамоталар мен дипломдар сақталатын мұражай да бар.  «Әзірбайжан қауымдастығы» Ақтөбе филиалы жанындағы жексенбілік мектеп қыркүйек айынан мамыр айына дейін жұмыс жасайды. Жексенбілік мектепте кез келген жаста тәлім алуға болады, яғни, жас шектеуі жоқ. Жаңадан бастаған топтар бар. Барлық оқушылар сабақ кезінде бірден екі тілді меңгереді: мемлекеттік және әзірбайжан», – дейді сұхбат беруші.  

Әзірбайжан тілі негізінен түрік тілімен байланысты. Жалпы барлық түркітілдес халықтардың тілдері сияқты: қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, башқұрт тілдерінің ұқсастығы көп, адамдар бір-бірін аудармасыз түсінеді.

«Әзірбайжандар1994 жылы латын әліпбиіне көшті. Сондықтан біздің балалар әліпбиді, әріптерді еркін танып, оқиды. Сонымен қатар олар еліміздің тарихымен, жағрафиясымен, мәдениетімен танысады. Республикалық «Әзірбайжан қауымдастығы» өз газетін үш тілде шығарады: әзірбайжан, орыс және қазақ. Онда халықтың мәдениетімен, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, қазіргі таңдағы Әзірбайжанның жағдайы туралы толық мағлұмат беріледі. Бұл газеттер жексенбілік мектептің қатысушыларына тілді меңгеруіне үлкен демеу болады. Әзірбайжан мәдениетімен танысқысы келетін немесе елден алыс жердегі оқушылардың барлық оқиғадан хабардар болуға бірегей мүмкіндігі бар», – дейді Ш. Джамалов.

Ақтөбелік әзірбайжандар белсенді қоғамдық қызмет атқаруда. Басқа да этномәдени қоғамдармен қатар қауымдастық филиалы Ақтөбе қаласындағы барлық маңызды қоғамдық оқиғаларға, мерекелерге, концерттерге қатысады.

«Біз де қалыс қалмай барлық мемлекеттік мерекелерді атап өтеміз. Сондай-ақ, барлық республикалық және облыстық іс-шараларға қатысамыз. Жыл сайын атап өтетін ең негізгі мереке – Наурыз байрам. Дінге келер болсақ, мұсылман дінін ұстанамыз. Ең қасиетті мерекеміз: Рамазан Айт пен Құрбан Айт. Ал Кеңес заманында КСРО-да ресми аталып өтетін мерекелерді біз де қалыс қалдырмадық, мәселен Жаңа жыл мерекесі», – дейді әңгімелесуші.

Ақтөбедегі диаспора Әзірбайжан елімен тығыз байланыс орнатқан. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке байланыстарға қатысты айтар болсақ, көптеген ақтөбеліктердің туыстары тарихи отанында тұрады. Кейбіреулер уақыт өте келе Әзербайджанға қайта оралып, басқалары үйреншікті жерлерінде шаңырақ көтеріп, Қазақстанда тату-тәтті өмір сүруде. Кейде ресми сапарлармен тарихи отанына барып тұрады. 2012 жылы облыс әкімі бастаған 25 адамнан тұратын Ақтөбе облысының делегациясы Әзірбайжанға арнайы сапармен барған. Сол кезде министрлікте және көптеген маңызды тұлғалармен кездесу өтіп, достық пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мысалға, 2018 жылдың 4 маусымында Әзірбайжан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай ақтөбелік әзірбайжандықтар республикалық қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен  мерекелік іс-шара өткізді. Оған Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының бас консулы Э. Зейналов, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты. Оның барысында Әзірбайжан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай деректі фильм көрсетіліп, Әзірбайжан шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылды. 

«Ал мен 3 жыл бұрын барғанмын тарихи Отаныма. Менің қызым Бакуда тұрады, ол жерде тұрақты тұруды жоспарламаған еді. Ол жақта әр түкпірде туған-туысқандарым өте көп. Мен мұнда 50 жыл өмір сүремін. Мұнда менің балаларым, отбасым тұрады. Бұл менің туған жерім, Отаным, үйім, бұл жақтан көшу ойымда да жоқ», – деп еске алады Ш. Жамалов.

Соңғы жылдары Әзірбайжан туристер арасында танымал болып келеді. Сондай-ақ, Ақтөбе тұрғындары «оттар елін» Өз көзімен көру үшін, Баку көшелерімен серуендеп, жергілікті ас мәзіріне құмар боп барады.

«Қазір Әзірбайжанда үлкен өзгерістер орын алуда. Бакудың өзі қайта салынды деп айтуға әбден болады. Онда түрлі халықаралық іс-шаралар өтеді, мысалы, «Формула 1» жарысын атауға болады. 2016 жылы бүкіл әлемнен келген әзірбайжандардың съезі мен 50–ге жуық ел қатысқан мұсылмандардың 5-ші конгресі өтті.

Аудан орталықтарында да көптеген туристер бар, олар жеке және ұжымдық сапарларды ұйымдастырады, жеке үйлерде немесе қонақ үйлерде тұрады. Жалпы Әзірбайжанда өте жақсы демалуға болатын курорттық орындар бар. Тамаша, ең бастысы арзан. Елдің әйгілі көрікті жерлердің тізімін атап отыру ұзаққа созылады. Әйгілі Қыз мұнарасы – ескі Баку қаласының жағалауындағы ежелгі бекініс құрылысы, Ширваншахтар сарайы, субұрқақтар алаңы, сондай-ақ көптеген мұражайлар, көрмелер мен мәдени орталықтар. Бірақ басты құндылық - әрине тамаша табиғат. Елдің солтүстігінде қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Әр түрлі қонақ, демалыс үйлері ашылған. Оңтүстіктің табиғаты да қалыс қалмайды. Өзен, орман, теңізбәрі жақын орналасқан, деп естелігімен бөлісті саяхат жасаған әсерлерімен Ш. Жамалов.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға