«Осылай тиімдірек». Студент университетке ұшақпен қатынайды
Канадалық студент Тим Чен Ванкуверде пәтерді жалға алу ақысы қымбат болғандықтан сабаққа ұшақпен қатынайды. Бұл туралы CTV News-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі. Британдық Колумбия унверситетінде оқитын жігіт оқу орнына Калгариден ұшақпен қатынайды.
Өзінің айтуынша, бұған дейін ол Ванкуверде пәтер жалдап тұрған. Дегенмен каникулдан соң баға көтеріліп, айына 2,5 мың доллар төлеуі керек болған. Тим Чен үшін бұл сома тым көп болғандықтан, ол үнемдеудің басқа жолдарын қарастырған. Бозбаланың сабағы аптасына екі рет екен, сондықтан ол университетке ұшақпен қатынап оқу әлдеқайда тиімді деп тапқан. Себебі барып-келу ақысы 150 долларды құраса, айына 1,2 мың доллар жұмсайды екен. Ал ұшу уақыты бір сағатты құрайды.
Студент Ванкуверге оқу аяқталғанға дейін, жыл соңына дейін қатынамақ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram